Мамандық бойынша мәтінді оқыту барысында мағыналы сөйлем құрастыру
Кілт сөздер:
мағыналы сөйлем құрастыру, сөйлемнің құрылымдық-семантикалық үлгісі, сөйлемнің коммуникативтік мақсаты, мағыналы сөйлеу жағдайы, сөйлемнің мағыналық негізі.Аңдатпа
Мақалада мамандақ бойынша сөйлем деңгейіндегі мәтіндермен жұмыс жасау әдісі суреттелген. Сөйлем талдаудың екі жолы ұсынылған – «пішіннен – мағынаға» және «мағынадан – пішінге». Бірінші бағыт – бұл модель арқылы сөйлемнің мағынасын түсіну. Коммуникативтік міндеттерге байланысты ғылыми мәтіндерде нақты құрылымдық-семантикалық моделдері анық байқалатын түрлі мағыналы сөйлеу жағдайлары жасалынады. Екінші бағыт – «мағынадан» – сұрақтың көмегімен сөйлемнің мағыналық мазмұнын анықтау. Автор келесі әдістемені ұсынады: сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табу; баяндауыштың қай сөз табынан болып тұрғанын анықтау; баяндауыштан кейін тұрған сөз тіркесінің грамматикалық жағынан реттеу; сұрақ жазу; қарама-қарсы бағытта жылжи отырып, баяндауышты анықтау; бастауышты анықтау; Сұрақты толығымен жазып, оған сөйлемнің мағыналық ортасы болатын қысқаша жауап беру.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Мамандық бойынша мәтінді оқыту барысында мағыналы сөйлем құрастыру. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 154(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1774
