Қазақстандағы масс-медиа тілі: статистикалық мәліметтерге шолу

Авторлар

  • А. А. Baimurzina әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

масс-медиа, медиалингвистика, контент, тілдік жағдай, үштілділік.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы масс-медиа тіліне қатысты мәселелер қарастырылады. Масс-медиа ұғымына анықтама келтіріледі және оның қолданылу аясы көрсетіледі. Мақаланың басты мақсаты масс-медиа ресурстары мен БАҚ-ғы тілдер үлесінің статистикалық мәліметтеріне шолу жасау болып табылады. Қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы масс-медиа рөлінің жоғарылығы айтылып, масс-медианың қоғамдағы функционалды қызметтері көрсетіледі. Мақалада ақпаратты жеткізу формасына байланысты Қ. Есенова ұсынған БАҚ классификациясы және Т. Добросклонская ұсынған медиалингвистика анықтамасы келтіріледі. Сонымен қатар, М. Гречихиннің қазіргі медиадискурсқа байланысты зерттеу деректерінен үзінді келтіріледі. Телевизия, радио және мерзімді баспасөз тіліне жүргізілген статистикалық талдау нәтижелері көрсетіледі. Мақалада «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жж. бағдарламасының» негізгі міндеттері мен олардың жүзеге асуы туралы қысқаша мәлімет келтіріледі.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары