С. Алексиевич шығармаларындағы деректілік пен көркемдік синтезі

Авторлар

  • N. D. Batrakova Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

реализм, деректі қарасөз, нон-фикшн әдебиеті, көркем-деректі жанр, композиция, интервью, монолог, гипермәтін.

Аңдатпа

Мақалада нон-фикшн әдебиетіне тән сипаттар зерттелген. С.Алексиевич шығармалары мысалында қазіргі прозадағы деректі және көркемдік талдаудың ерекшеліктері сипатталған. Куәгерлердің түсініктемелерінің заман құжаттарына теңелуі себептері негізделген. Жазушы әр түрлі құжаттарды іріктеу, сақтау, өңдеу әдістемелерін ашып берген: куәгерлердің анықтамалары, газета материалдары, сот қаулылары, сот урдістерінің стенограммалары, жауынгерлердің күнделіктері, хаттары және т.б. «Последние свидетели», «Цинковые мальчики» және «Чернобыльская молитва» шығармаларының композициялық құрылымының талдауы берілген, прозаның стильдік ерекшеліктері зерттелген. Автор жүргізген зерттеулер негізінде нон-фикшн әдебиетінің қоғамға, өнерге, атап айтқанда, театр және кинематограф, сондай-ақ әдебиеттің одан әрі дамуына әсері туралы қорытынды жасады.

Жүктеулер