Ғылым терминологиясын зерттеудің және оқытудың лингвистикалық және әлеуметтік аспектілері (орыс және қазақ тілдерінің материалында)

Авторлар

  • T. S. Kurmanbayeva Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

термин, термин жүйесі, ғылыми-техникалық мәтін, жалпылама қолданылатын сөздер, лексикалық нұсқа, кірме сөздер, аударма жасау.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада орыс және қазақ тілдерінде ғылым терминологиясының құрылуы және дамуына қатысты терминтанудың заманауи мәселелері қарастырылған. Терминдердің тілдегі лексика-семантикалық жүйедегі орны мен ролі, оның айырмашылығы және уәжділік ерекшеліктері анықталған. Мақалада тіл мен мәдениеттің өзара байланысындағы ғылыми-техникалық терминологияның құрылуы туралы мәселелер өзекті болып тұр. Қазіргі Қазақстанда қазақ-орыс екі тілдің әсері ғылым мен ғылыми-техникалық дискурста термин жасаудың лингвистикалық процесстері тіл мәселесінің материалында зерделенген. Ғылыми мәтіндерді бір тілден екінші тілге аударған кезде сұрыптау мәселесіне ерекше назар аударылған. Терминденудің сөзжасамдық тәсілдерін таңдаудың лингвистикалық шарттары: калькілеу (тікелей аудару, кірме сөздерді, интернационалдық терминдерді қолдану және т.б.) айқындалған. Орыс және қазақ тілдерінде жиі қолданатын терминдерді қайталап отыру екі тілдегі сөздік қорын үйренуді жеңілдететіні туралы тұжырым жасалынған.

Жүктеулер