Мәтінді аудармаға дейінгі талдауды концептуальды тұрғыдан қарастыру ерекшелігі

Авторлар

  • L. Zh. Musaly Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • S. D. Seydenova

Кілт сөздер:

аударма сапасы, аудармаға дейінгі талдау, аудармашылық стратегия, ақпарат типі, концептуалды тұрғыдан келу.

Аңдатпа

Әлемдік саяси, экономикалық және мәдени кеңістікке интерациялау жолында заманауи қоғамға кәсіби құзыреттілігінің деңгейі жоғары білікті аудармашылар ауадай қажет. Осыған орай аударылатын мәтіндердің сапасын арттыру қажеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Аталмыш мақала мәтінді аудармаға дейінгі талдау мәселесіне арналған. Осы уақытқа дейін аударманың бірінші кезеңі, түпнұсқаның мағынасын ұғыну кезеңі ретінде, негізінен, зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырды. Мақалада мәтінді аудармаға дейінгі талдау мәселесіне қатысты түрлі концептуальды бағыттар қарастырылады, авторлар өз ой-пікірлерімен бөліседі және осы проблемаға өздерінің нақты көзқарасын айтады, сондай-ақ олардың ғылыми шешімін айтады. Сондай-ақ, тақырыптың маңыздылығын былайша негіздеуге болады: бұл мәселені жан-жақты зерттеу тіларалық коммуникацияны жеңілдетуге және аударманы барынша адекватты етуге мүмкіндік береді, себебі мәтін мәнін адекватты ұғыну аударманың барлық түріне қойылатын негізгі талап болып табылады. Нақты ғылыми мәтіннің үзіндісіне аудармаға дейінгі талдау жасау арқылы мәтіндегі ақпарат түрлерін анықтап, доминант ақпаратты белгілеп, аудару үдерісін барынша жеңілдету және сапасын арттыру мүмкіндігін іздестіреді. Мақалада аударма үдерісінің үш кезеңнен тұратын құрылымы айтылады, түпнұсқа мәтінін қабылдау және түсіну кезеңі, аудару кезеңі, аударма нәтижесін редакциялау және талдау кезеңі.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары