Кеңсе дискурсы: қағаз қыстырғыштан степлерге дейін
Кілт сөздер:
дискурс, кеңсе дискурсы, мемлекеттік тіл, тілдік жоспарлау, тіл саясаты, әлеуметтік лингвистика.Аңдатпа
Мақалада дискурс терминінің дәстүрлі және заманауи мән-мағынасы талқыланып, кеңсе дискурсы аталатын жаңа терминнің анықтамасы ұсынылған. Кеңсе дискурсы мен іскери дискурс ұғымдарының арақатынасы мен қысқаша түсіндірмесі берілген. Сондай-ақ, мақалада қазақ кеңсе дискурсының құрылуы, бұл саладағы мемлекеттік тілдің орны мен қолданысы, кеңсе дискурсының тілдік жағдаятқа әсері және кеңсе дискурсының жалпы қолданысы жайында мәселелер қозғалған. Аталмыш мәселелерді зерттеу мақсатында кеңсе дискурсына байланысты зерттеу жұмысының мәліметтері (лексикографиялық мәліметтер, кеден декларациясы, кеңсе тауарларының номенклатурасы мен баға-парақтары және т.б) қолданылды, кеңсе тауарлары атауларының қазақша сөздіктерде белгіленуі, аударылуы бойынша анализ жүргізілді. Сонымен қатар, бұл мақалада аталмыш тақырып бойынша жас ерекшелігіне байланысты үш түрлі топқа жататын билингв-респонденттерге (Алматы қаласының оқушылары, студенттері және 30 жастан асқан респонденттер) жүргізілген сауалнама нәтижелері қолданылып, әлеуметттік лингвистика тұрғысынан сарапқа салынды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кеңсе дискурсы: қағаз қыстырғыштан степлерге дейін. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1804








