Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты
Кілт сөздер:
гендер, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері, гендерлік зерттеулер, антропоцентрлік бағыт, ер және әйел, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада «гендер» ұғымы, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты жан-жақты қарастырылады. «Гендер» ұғымының әр түрлі анықтамаларын салыстыра зерттеу арқылы оның мәні сипатталады. Гендер – еркектік пен әйелдікке тән қасиеттердің қоғамда қалыптасуы, олардың қайнар көздері, олардың қалыптасуындағы әлеуметтік үдерістерді сипаттайтын аса күрделі, көп компонентті әлеуметтік-психологиялық құрастырылым. Гендер аясында әйел және ер жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез-құлық қалыпты немесе нормадан ауытқыған тәрізді мәселелер зерттеледі. Антропоцентрлік бағыт бойынша гендерлік ерекшеліктер қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, тамыры тереңде жатқан ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың наным-сенімдері, әдет-ғұрпы және ділімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді. Халықтың өшпес байлығы болып саналатын және ұлттың өзіндік ерекшелігін көрсететін мақал-мәтелдерге талдау жасау ер мен әйелдің қоғамда алатын орны мен маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1810
