Гротеск: теориясы мен қолданысы
Кілт сөздер:
гротеск, фантастика, алогизм, пародия, шындыққа сәйкессіздік, шарттылық, сатиралық мақсат.Аңдатпа
Мақала көркем әдебиеттегі күлкі тудыру құралдарының бірі гротескінің теориялық негіздері мен көркем шығармалардағы қолданысына арналған. Зерттеудің теориялық негіздері ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың гротеск туралы ой-тұжырымдары пайдаланылған. Гротеск – фантастикалық формада қорқыныш пен күлкіні, сұрықсыздық пен асқақтықты байланыстыратын, үйлеспей-тін жайларды үйлестіріп, нақтылық пен жүзеге аспайтын нәрселерді байланыстырып, қайшылықтырды ашып көрсететін күлкі тудыру тәсілдерінің бірі. Гротеск көркем образ ретінде екіұдайлығымен, қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Ол қалыпты нормадан ауытқуды, шарттылықты, асыра үлкейтуді, әшкере келемеждеуді білдіретіндіктен, сатиралық мақсатта кеңінен пайдаланылады. Мақалада гротескінің көркем әдебиеттегі қызметі жазушы Т. Шапайдың шығармашылығы мысалында қарастырылып, нақты мысалдармен талданады. Автордың гротескіні өтпелі кезеңдегі қазақ қоғамындағы қайшылықтарды өткірлікпен бейнелеу мақсатында пайдаланғаны көрсетіледі. Парақорлық, жемқорлық, жат діннің жолына түсу, ұлттық санаға жат әдеттер, жас ұрпақтың өз тілінен, тарихынан алшақтап бара жатқаны секілді қоғамдағы жағымсыз көріністер гротескілік, пародиялық сарында бейнеленгені, сөйтіп автор ойынмейлінше мәнерлілікпен, өткірлікпен жүзеге асырғаны пайымдалған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Гротеск: теориясы мен қолданысы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1824
