Қазақ және орыс тілдеріндегі құрамында зооморфизмдер бар фразеологизмдер

Авторлар

  • S. K. Sansyzbayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

фразеотіркестер, зооморфизмдер, жануарлар атаулары, ұлттық-мәдени ерекшеліктер, әлемнің тілдік бейнесі.

Аңдатпа

Мақала қазақ және орыс тілі сияқты әртүрлі құрылымдық тілдердегі құрамында зоомрфизмі бар фразеологиялық тіркестердің қолдануы мәселесі қарастырылған. Мақалада қазақ және орыс тілдерінде жиі қолданылатын құрамында зооморфты атаулары бар фразеотіркестердің мысалдары жан-жақты қарастырылған. Фразео-
логиялық зерттеулерде ұлттық-мәдени ерекшеліктері мәселелері дәстүрлі зерттеулерге айналғаны белгіленген. Әртүрлі тілдердегі фразеологиялық бірліктерді зерттеу тілдегі ауыспалы мағынаны айқын бейнелеуге көмектеседі, сонымен қатар, фразеологизмдерді салғастырмалы зерттеу әр тілдегі негізгі ассоциацияларды, ұлттық-мәдени айырмашылығын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады. Фразеологиялық бірліктер халықтың тарихи даму ерекшеліктерін, рухани мәдениетін, салт-дәстүрін, тұрмысын, ұлттық санасын тілмен ұштастыра қарастырылған. Құрамында зоомрфизмдер бар фразеобірліктер адамды, оның сыртқы бейнесі мен ішкі дүниесін, қоғамдағы орнын және рухани бейнесін сипаттаудың ең тиімді пішіні болып табылады. Салғастырмалы талдау осы экстралингвистикалық факторларды айқындауға көмектеседі.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары