Маңғыстау театрының шығармашылық ізденістері
Кілт сөздер:
театр өнері, актер шеберлігі, режиссура, драматургия, пьеса, спектакль, декорация, грим, костюм, хореография, композитор, вокал, сахнаАңдатпа
Әр елдің мәдени-рухани болмысының дамуына әсер ететін өнердің бірі – театр. Біздің заманымызға дейінгі ежелгі Антика дәуірінен бастау алған бұл өнердің адамзаттың рухани өрлеуіне, жеке индивидтердің тұлға болып қалыптасуына ықпалы зор. Демек, театр – сан қырлы өнер түрлерінің басын қосатын алып мекеме. Онда драматургия, хорео-
графия, композитор, вокал, грим, костюм, музыка, жарық эффектілері, режиссура, мүсін, сурет, қолданбалы сәндік өнері, актер шеберлігі, т.б. бірігуі арқылы синтездік өнер туындайды. Осындай барлық өнердің жиынтығынан құралған театр өнері бүгінгі күнге дейінжан-жақты өсіп, өркендеуде. Елімізде құрылымы күрделі, көтерер жүгі ауыр елуден аса театр бар. Солардың ішіндегі Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған ең жас әрі эспериментальді бағыттағы театр Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры болып саналады. Осыдан он үш жыл бұрын ашылған театрдың шоқтығы жоғары, репертуар таңдауы да өзгеше. Аз ғана жылдардың ішінде көптеген жетістіктерге жеткен театрелімізде үлкен мәртебеге ие.








