Жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілділігін зерттеуде әдіс-тәсілдер таңдау негіздемесі

Авторлар

  • А. А. Baimurzina А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты

Кілт сөздер:

әлеуметтік лингвистика, әлеуметтік лингвистика әдіс-тәсілдері, жастар тілінің сәйкестілігі, жастар тілінің көптілділігі, сауалнама әдісі

Аңдатпа

Мақалада қазіргі әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелерінің біріне айналған жастардың тілдік сәйкестілігі мен көптілдігі және оны зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер сараланады. Әлеуметттік лингвистика әдістері мен тәсілдері актив және пассив болып бөлінетіндігі сөз етіледі. Соның ішінде, тест, сауалнама, сұхбат сияқты актив әдістерге терең назар аударылады. Әлеуметтік тіл білімі саласы әдіс-тәсілдері жөнінде іргелі зерттеулер жасаған ғалымдар тізбегі беріледі. Әлеуметтік лингвистика болсын, басқа да тіл білімі салалары аясында жасалған зерттеулер әдіс-тәсілдің оңтайлы қолданылуына байланысты нәтижелерге қол жеткізілетіндігі айтылып, зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне жете мән берудің маңыздылығы айқындалып көрсетіледі. Сол себепті мақалада зерттеу нысанына орай таңдалған сауалнама әдісі жайында толығырақ айтылады. Тақырып бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері диаграммалар арқылы көрсетіледі.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалымдар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары