Дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозициялық жұптар негізінде зерттеу. Исследование соматического фрагмента языковой картины мира на основе бинарной оппозиции.

Авторлар

  • A. B. Nurjanova Сүлеймен Демирел университеті Назарбаев университетінің , Қаскелең қ.

Кілт сөздер:

бинарлық оппозиция, соматикалық фразеологизмдер, дүниенің тілдік бейнесі, бинарная оппозиция, соматические фразеологизмы, языковая картина мира,

Аңдатпа

Мақалада дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагменттерін зерттеуде бинарлық оппозициялық жұптар классификациясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарында қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Тілдік дүние бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозиция тұрғысынан қарастыру – тіл жəне адамның ойлауы, танымдық əрекеті арасындағы тығыз сабақтастықта айрықша рөл атқаратын тілдік үнемдеу заңдылығының өзіндік қырын айқындауға зор мүмкіндік береді. Адам организмінің физиологиялық ассиметриясын (оң/сол) жəне адамның дене тұрқының вертикальды бағыттағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) жинақталған білім қорының соматикалық коды ретінде пайдалана отырып, соматикалық тілдік бірліктерді саралау нəтижесі мынадай тұжырымға келтірді: қазақ жұртының таным-түсінігінде жағымды қасиеттердің барлығы оң/сол, жоғары/төмен бинарлық оппозицияларының оң, жоғары сыңарларында көрініс табады. В статье рассматривается актуальность исследования соматического фрагмента языковой картины мира на основе бинарной оппозиций и как линвистического метода исследования. Основанные на бинарной оппозиций соматические языковые фрагменты при сопоставлении дают возможность распознанию нормированных черт речи. Используя физиологическую ассиметрию (правый/левый) человеческого организма и вертикальное расположение частей тела (голова, туловище, ноги), можно определить положительные стороны соматического кода знаний.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-10-19