Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде элективті курстарды оқытудың әдістемесі

Авторлар

  • A. Абдулина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

әдістеме, элективті курс, пәндер, қазақ тілі, әдебиеті, фольклор, бағдарлама, құзіреттілік

Аңдатпа

Элективті курс аясында жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық кластерлер мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын біріктіру ең жетістікті жаңашыл (инновациялық) әдістердің бірі болуы, әрі түлектердің кәсіби құзіреттілігін айтарлықтай кеңейтуге және үйлестеруі мүмкін. Бұл жағдайда интегративтік тәсіл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізде қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасын, әр түрлі сала мамандарының жүзеге асырған және қызмет түрлерінің аспектісінде тіл мен әдебиетті зерттеуге қатысты. Осы мақсатта, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің бірқатар білім беру бағдарламасына «Қазақ тілі мен әдебиеті» элективті курсы енгізілді, оның мақсаты бүгінгі күнгі қатерлер мен тікелей қажеттіліктерге байланысты. Пәннің басымдықтарының бірі мәдени мұра бойынша экологиялық мәселелер жөнінде әлемдік тәжірибеде білім алу болып табылады. Курс бағдарламасының негізі, ең алдымен – ауызша поэтикалық дәстүр, қазақ халқының ұлттық мұрасы, рухани-мәдени жетістіктері мен барлық материалдық жиынтығы негізделген тараулардан тұрады.

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі