Сөйлеу қызметінің түрлерін бағалаудағы қатенің коммуникативтік маңызды мәселесі
Кілт сөздер:
ауызша тілдесу, тестілеу, тест, шартты және шынайы тест түрлеріАңдатпа
Мақалада шетелдік студенттердің ауызша тілдесу құзыреттіліктерін бақылаудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады, шартты және шынайы тесттердің қолданылуы талданады, ауызша тілдесу қорытындысын тексеру үшін ұсынымдар беріледі. Шетелдік студенттердің сөйлеуін бақылау мәселелері қарастырылады. Сөйлеуді тексерудің психологиялық мәселелері сөз болады. Сөйлеу нәтижесін бақылау үшін қажетті жайттардың арасындағы тестілеу мәселесіне және оның компоненттеріне назар аударылады. Коммуникативтік тілдесу деңгейін анықтау үшін алынатын тестілеу барлық шынайы нәтижені көрсете алмайды, сондықтан да шынайы сөйлесуге жақын тестілеудің үлгілері ұсынылады. Мақалада тестілеудің түрлі кезеңдеріне тиесілі түрлі әдістемелік ұсыныстар берілген. Айтылымның тілдік қана емес, сондай-ақ мазмұнды жағына да назар аударылады. Сөйлеуді тексеру үшін көрнекі нысандар, диалогтар мен полилогтарды қолдану ұсынылады. Мақалада ұсынылған тестілеу ауызша сөйлеуді тексеруге көмектеседі. Мұнда ең алдымен айтылымның туындауы, оның коммуникативтік мәні мен тілдің нормасына сай келуі бақыланады. Ауызша тестілеуді жүргізуде бір жағынан репликалардың кезектесе алмасуына мән беру көзделсе, екінші жағынан тестілеуді еркін түрде өткізу арқылы қарым-қатынасқа түсу, диалогтық сөйлеу нәтижесін бақылау көзделеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Сөйлеу қызметінің түрлерін бағалаудағы қатенің коммуникативтік маңызды мәселесі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 160(2). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1948








