Тілдерді оқыту аспектідегі мәдениаралық қатынас
Аңдатпа
Мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Флагман» бағдарламасы
бойынша білім алып жүрген студенттерді оқытудағы мәдениаралық коммуникациямен
байланысты мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері тілді меңгерудің негізгі қиындықтары фонетикалық, семантикалық және стилистикалық кедергілерімен байланысты
екенін көрсетті. Мақалада кедергілердің себептері белгіленеді және америкалық студенттердің
лексика-грамматикалық тақырыптарды қабылдау ерекшеліктері айқындалады. Мақалада
эксперименталды негіз ретінде сауалнама мәліметтері берілген. Сауалнама көрсеткіштерінің
нәтижелері шетел тілін меңгерудегі мәдениаралық кедергілермен байланысты мәселелерді
кеңінен айқындауға көмектеседі. Оның ішінде фонетикалық мәселелер, сөздің семантикасын
білмеу және стилистикалық қиындықтар көрсетілген. Коммуникативті кедергілерін білім
алушылардың ділін ескере отырып жою жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, мақалада оқу
үдерісінде мәдени және фондық білімдерін іске асыру мәселелеріне назар аударылады.








