Орыс тілі сабақтарында ғылыми мәтін моделін құру
Аңдатпа
Мақала авторлары қазіргі заман талабына сай зерттеу институттарының негізгі міндеті
тіл ғылымының жоғарғы өтілді мамандарын дайындау, ғылыми стильді зерделеу мақсатында
тіл меңгерген студенттердің ұлттық аудиториясын дайындаудың маңыздылығы мәселелерін
қарастырған. Мақалада ғылыми мәтіндердің мағыналық-құрылымдық анализі түзіліп, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті студенттеріне, сондай-ақ
барлық мамандықтарда қолдануға болатын әмбебап алгоритм анықталған. Бұл мақалада «Туризм»
мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге мағыналық-құрылымдық талдау алгоритмі жасалып,
олардың моделі ұсынылған. Осы модельдерді меңгерген студент мамандығына қатысты ғылымитәлімдік мәтіндерді орыс тілінде талдай алуды үйреніп, кез келген тілдегі ғылыми ақпаратты
саралап, негізгі ой, мәтін компрессиясы, яғни ықшамдау, мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндай
алатын болады. Талдаудың қорытынды кезеңінде студенттер ғылыми мәтіннің мазмұны туралы
жоспар түріндегі ауызша ақпараттандыру дайындап, ғылыми жұмыс жазу, зерттеумен айналысу
бастамаларына пайдалана алады








