Әзірбайжан діни ертегілеріндегі контаминация

Авторлар

  • Kh. Mirzoeva Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Фольклор институтыні, Әзірбайжан, Баку қ

Аңдатпа

Мақалада діни ертегілердің композициялық ерекшелігі болып табылатын контаминация
үдерісі зерттеледі. Фольклорде контаминациядағы сюжеттердің үйлесімді әдістері өзге
топтағы ертегілермен қатар діни ертегілерде де бар екендігі зерттеуде көрсетілген. Әзірбайжан ертегілерінде контаминацияның ең көп тараған 4 үлгісі мен әдісі бар, оның үшеуі діни ертегілерде

кездеседі. Ол әдістер: 1. Сюжетте негізінен ана мен әке туралы тарихты, одан кейін олардың
балалары туралы әңгімелейді. 2. Кейіпкерді қандай да бір құпияны немесе тарихты білуге жіберу.
3. Бірнеше адамдардың басын қосу және олардың өз басынан өткізгендерін баяндауы.
Діни ертегілерде контаминация сюжеттердің ішінде бірдей, сондай-ақ әртүрлі топтарда
байқалады. Мақалада әртүрлі сюжеттің үйлесімі негізінде құрылған жеке діни ертегілер
зерттелген. Бұл ертегілерде контаминацияның жаңа әдістері мен оның рөлі анықталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-08