Болашақ мамандарды оқытудағы проблемалық бағдарланған оқытудың мақсаты
Аңдатпа
Берілген мақалада шет тілін оқытуда қолданылатын әдістер туралы, нақты айтқанда,
инновациялық оқытудың проблемалық оқыту әдісі талқыланады. Проблемалық оқыту әдісі
студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамытуға бағытталған. Зерттеу арқылы оқыту
және оқыту арқылы зерттеу негізінде бұл оқыту түрі қазіргі күн талабына сай келеді. Тек соның
негізінде шығармашылық тұлға қалыптастыра алады, сөйтіп, басты педагогикалық міндет
орындай алады. Бүгінгі түлектер өзін-өзі басқару және үздіксіз оқу дағдыларына ие болуы
керек. Проблемалық оқыту тек қана белсенді оқуды ғана емес, сонымен қатар жаңа, стандартты
емес және түпнұсқалы тапсырмаларды шешуді талап етеді. Олар аналитикалық әдісті пайдалана
отырып, критикалық ойлау мен проблемаларды шешуі қажет. Бұл өз кезегінде, студенттердің
бірқатар пәндерден алған білімдері мен дағдыларын біріктіру мүмкіндігі болуы керек, сондай-ақ
тиімді команда мүшесі болу үшін тұлғааралық дағдыға ие болуы тиіс.








