Орыс тілін ана тілі емес тіл ретінде оқытуда аудиомәтіндерді қолдану
Аңдатпа
Мақалада университеттердің қазақ бөлімінің студенттеріне орыс тілін ана тілі емес тіл ретінде оқытқан кезде аудио мәтіндерді қолданудың нәтижелері қарастырылады. Тыңдалымның тыңдау, есте сақтау, ықтималды болжау және артикуляция сияқты механизмдерін қолдану ұсынылады. Оқу үрдісінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған аудио тексттерді әр-түрлі тәсілдермен қолдануға ерекше назар аударылады. Мақалада ауызша тыңдау дағдылары мен тыңдауға негізделген дағдыларды қалыптастыратын аудио мәтінді қолданылуымен жаттығулар кешені берілген.








