Жаhандану кезеңінің қазақ тілінде жаңа ағылшын сөздерінің пайда болуға тигізген әсері

Авторлар

  • A.R. Halenova E.U. Artykova L.M. Mahazhanova әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

Аңдатпа

Жаһандану үрдісі тұтастай экономика мен қоғамды түбегейлі өзгерістерге әкеп соғады және оны өмірдің әр аспектісінде байқауға болады, өйткені мәдениет пен тілге оның ықпалының бар екендігін жете бағаламауға болмайды.
Мақалада қазіргі кездегі заман талабына орай ағылшын тілін оқып-үйрену мәселесі қарастырылған. Әр студент өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс. Сол себепті студенттер бірнеше тілді меңгеруге тиіс. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі.
Кез келген қазақ тіліндегі жаңа ғылыми үрдістерді олардың өзекті мәселелерінің ғылыми және қоғамдық проблемаларын жетік меңгеру, қазіргі қоғамдағы лингвоэкологиялық жағдаяттарды толық игерту, ағылшын тілінің жаңа салалармен толығуы мен зерттелуінің мәселелерін анықтап білу болып табылады.
Түйін сөздер: жаһандану, мәдениет, тілге

Жарияланды

2018-11-19