Қазіргі тілдік жағдаят контексіндегі шетсөздер
Аңдатпа
Мақала көпаспектілі құбылыс ретінде стилистикалық, психолингвистикалық, прагматикалық
және эстетикалық табиғаты қатар жүретін және лингводидактикалық тұрғыдан зерттеуді талап
ететін кірме сөздерді зерттеуге арналған. Соңғы жылдары әлеуметтік-саяси өзгерістердің
әсерінен кірме сөздердің қалыптасуы қазіргі тілдік кеңістікте доминантты үдеріс ретінде
сипатталады. Мақалада ауызекі сөйлеу тәжірибесінде үлкен мәселелерді туғызып отыратын
шеттілдік сөздердің күрт мол, тіпті актив қолданылу үдерісінің экстралингвистикалық және
лингвистикалық себептері талданады. Қазіргі орыс тіліндегі кірме сөздердің үндесу жолдары
мен тәсілдері сипатталады. Лингвистикалық себептерге орыс тілінің лексикалық жүйесінде
жаңа ұғымдара берілетін атаулардың жоқтығы, заттардың сынын саралау немесе сөздердің
мәнерлі реңктерін белсендендіру қажеттілігі, кірме сөздердің әлеуетін белгілі бір сөз тудырушы
моделінде қолдану және т.б. жатады. Әртүрлі тілдік фактілерді саралау нәтижесінде әдеби
және әдеби емес, ескі және жаңа, өз тілі мен бөтен тілдегі стереотиптерді өзгертетін жаңа
коммуникативтік кеңістік пайда болатыны аңғарылады.








