Қазақ, ағылшын тілдеріндегі ертегілердің зерттелуі,даму мен қалыптасуы

Авторлар

  • A.T. Kasymbekova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан,

Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын, қазақ тілдеріндегі ертегілер салыстырмалы түрде қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі тіл мен мәдениеттің өзара байланысы, сонымен қатар фольклордың мәдениеттің құрамдас бөлшегі ретінде әрдайым өзектілігін жоғалтпағандығында. Әлем туралы ежелгі таным ұлттық танымдық ерекшеліктерге әсерін беріп келген, әсіресе бұл көрініс ауызша ұлттық шығармалар арқылы көрініс тапқан.
Оның ішінде фольклорлық шығармалар ежелгі әлем бейнесін, сол арқылы ұлттық менталитетке әсерін тигізіп отырған.
Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігіне ертегіні фольклор жанрының ерекше бөлігі ретінде қарастыра отырып, тілдік бірліктерді кешенді түрде зерделеу лингвомәдениеттанудың аумағында ізденіс жұмыстарының аздығы да себеп болған. Сонымен қатар, ертегі джанрын салыстырмалы, салғастырмалы тұрғыдан қарастыру арқылы ертегі мәтінінің аспектілерін қарастыру қажет болып отыр. Ертегі мәтінінің лингвомәдениеттану және этномәдени тұрғыдан қарастыру әдебиеттану мен тілі білімінде дәстүрлі т.рде қарастырылылды және талдау жүргізілді.
Бұл мақала әртүрлі туыс емес екі тілдік жүйеде ертегі мәтіні салыстырмалы түрде талдау жасалды. Әсіресе, ертегі тілінің ертегі мотиві бойынша этномәдени құрамдас бөлшектеріне талдау жасалды.

Жарияланды

2018-11-29

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалымдар