Британ постмодернистік романдарындағы ойын тұжырымдамасы (романның мәдениеттанымдық-идеялық типология мәнмәтінінде)

Авторлар

  • Y.A Abdullayeva Azerbaijan University of Languages, Azerbaijan, Baku,

Аңдатпа

ХХ ғасыр мәдениетін танытатын ойын тұжырымдамасы ежелгі уақыттан қазірге дейінгі – ұзақ
жолдарды жүріп өтті. Платонның өзі, содан кейін Аристотель ойынның танымдық сипатының
бар екендігін және оның еліктеудің (мимесис) негізгі белгісі екендігін айтқан. Ойын мәдени
құбылыс және мәдениеттің бір бөлігі ретінде оның ғылыми негіздерін анықтауға әрекет еткен
неміс романтизмі өкілдерінің назарында болды. ХХ ғасыр басында Йохан Хёйзинг өзінің «Homo
Ludens» шығармасында «мәдениеттің ойын тұжырымдамасын» алға тартты, «ойын үстіндегі
адамды» мәдени феномен ретінде бағалады. Йохан Хёйзингтің «Ойын тұжырымдамасы»
постмодернизмнің эстетикалық пайымдауларынан атап айтқанда: Р. Барт, Ж. Делёз,
Ю. Кристеваның, Ж. Бодрийярдың шығармаларынан көрініс тапты.
Постмодернистік прозада мәтінді ойнату, мәтіндегі ойын, метатілдік ойын, карнавалдықтрикстер барлығы дерлік «мәдениеттің ойын тұжырымдамасына» сүйенеді. Бір емес бірнеше
орталыққа негізделген пайымдау біз қарастырып отырған «өткеннің» «байыптылығын,
шынайылығын» төмендетеді. Тарихи кейіпкер кәдуілгі адамға айналып, түгелімен тәлкекке
ұшырайды. Абсолюттік ақиқат болмаса, ақиқат көпқырлы болса, өткен нәрсе ұғымы, еліктеу
нысаны бола алмайды – бұдан шығатын қорытынды осы. Үлгі болудан қалған, шынайылықтан
«аластатылған» өткеніміз жалғанға айналады. Осы жалғандық ойынның материалы бола алады.
Көптеген уақыттар бойы адамдар табынып келген нысан, шынайы сезім шекарасы олардың жаны
мен ақыл ойы арқылы өтіп, шекараның бұзылуы шынайылықты жалғанмен жақындастырады. Бір
нәрсенің «ойын» элементіне айналу мақсаты оның тұңғиығында тасаланған нәрселердің әйгіленуі
болып табылады. Адам ойының объективтілігін емес субъективтілігін дәлел ретінде келтіретін
постмодернистік жазушылар объективтілікті келемеждеп, оның шынайылығын әжуа етеді.
Cондықтан да оны «ойын» элементіне айналдырады.

Жарияланды

2018-12-02