Қазіргі қазақ тілді оқытудың негізгі мәселелері
Аңдатпа
Қазіргі таңда, қоғамдық-әлеуметтік мүддеге сәйкес қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
ғылым саласында да толыққанды қызмет етуінің негізін қалыптастыруда, ең алдымен, ғылыми
тілдің мәртебесін айқындау аса маңызды. Себебі ғылым саласындағы мәтіндердің тілін ғылыми
тіл мен ғылыми стильдің қайсысына жатқызуға болады деген сауал осы күнге дейін біржақты
анықталып, өзінің шешімін тапқан емес. Екіншіден, ғылыми тіл бірліктерінің ара-жігін ашып,
олардың өзіндік ерекшеліктерін, сөздік түрлерінде орналасу орындарын анықтау, олардың ғылыми
сипаттамаларын жасаудың қажеттілігі де белгілі болып отыр. Үшіншіден, терминологиялық
бірліктерді сөздіктердің негізгі типтері мен түрлерінде лексикографиялаудың басты
заңдылықтары мен әдіс-тәсілдері қандай болатынын айқындау бүгінгі таңдағы терминология
үшін де лексикография үшін де аса маңызды болып отыр. Еліміздің егемендік алуы мен қазақ
тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты ана тіліміздің өз шешімін күтіп тұрған
көкейкесті мәселелері жеткілікті. Қазіргі кезде күллі әлемге жайылып келе жатқан жаһандану
процесі әсіресе ұлттық ерекшелікті, ұлттық құндылықтарды сақтауға орасан кедергі келтіруде.
Осындай қиын кезеңде тілімізді сақтап қалу, дамытып, күшейтудің басты амалдарының бірі –
ұлттық ғылым тілін, оның терминологиясын дамыту. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың
басты жолдарының бірі – ғылыми тілдің мәртебесін айқындау, терминологиялық бірліктердің
құрамын реттеу, олардың мағынасын ашудың әдіс-тәсілдерін анықтау.








