Ағылшын тіліндегі көмекші сөздерді функциональдық-семантикалық талдау
Аңдатпа
Мақала осы заманғы лингвистикадағы өзекті мәселелердің бірі қазіргі ағылшын тіліндегі
көмекші сөздерге және оның қызметіне арналған. Көмекші сөздер ұзақ уақыт бойы назардан тыс
қалды, өйткені ол негізгі сөз табы ретінде саналмады. Бұл көзқарас бірте-бірте өзгере бастады,
ғалымдар өзге де сөз таптары сияқты көмекші сөздердің де семантикалық тұрғыдан белсенді,
қызметі жағынан жан-жақты екендігін дұрыс аңғара бастады. Олардың ағылшын тіліндегі
көмекші сөздерді екі түрлі тәсілмен зерттегендігі белгілі болды:
1) Зерттеушілер ешқашан да көмекші сөздерді сөз табының қатарына қосқан жоқ, оларға
үстеуіш ретінде ғана қарады;
2) Совет өкіметі құлағаннан кейін лингвистер көмекші сөздерді екінші дәрежелі сөз табы
ретінде қарастырып, топтастырды.
Мақалада біз екі тәсілді де қарастырдық. Екі тәсілге де ортақ жайт – көмекші сөздердің
байланыс, қатынас, шектеу, толықтыру мағыналарын беретіндігі. Біріншіден, ағылшын тіліндегі
көмекші сөздер сөйлеушінің нақты қарым-қатынас жағдайына байланысты коммуникативтік
мақсатта ғана қолданатын тілдік бірліктері екендігі анықталды. Екіншіден, олардың семантикалық
варианттары аса көп, әр вариант мәтін ішінде айқындалады








