Филологиялық құзіреттілікті анықтаудағы мәтін талдаудың маңыздылығы
Аңдатпа
Аталған мақалада тіл мен әдебиет оқытушыларының филологиялық даярлығына ерекше
көңіл бөлінеді, себебі дәл әдебиеттің өзі танып білудің және тұлғаны қалыптастырудың негізі
болып табылады. Бұл тұрғыдан филологиялық білім берудің аса маңызды міндеттерінің бірі
мәтіннің әдеби талдаудың дағдыларын дамыту болып саналады. Мұнда сөз өнерінің теориясы,
тарихы, әдеби герменевтика бойынша білімдерді игеру қажеттілігі жөнінде мәселе туындайды.
Мақалада сонымен қатар заманауи филологиялық білім беруде бар бірқатар мәселелер жайында
айтылады. Гуманитарлық білім әдіснамасында және әдебиетті зерттеу әдістемесінде біршама
алшақтық бар екені даусыз факт. Оқушылар, студенттер игеруге тиісті материалдың үлкен көлемі
әрбір әдеби шығарманы әрдайым толыққанды зерделеуге және ұғынуға мүмкіндік бермейді. Тек
жалпы түсінік ала отырып, оқырман сөз өнерінің эстетикалық әсер етуін сезіне алмайды. Сондайақ жолданушының мәдени деңгейін дамытуға себептесетін, әдеби шығарманы түсіндірудің
мәселесі қозғалады. Аталған мәселелердің шешімі ретінде авторлар 20-шы ғасырдың 20-30-
ші жылдардың қазақ әдебиетін саналы және тереңдетілген зерттеуді, «алашорда әдебиетімен»
тікелей танысуды ұсынып отыр. Бұл кезеңнің поэзиясы және прозасы оқылған әдебиетке тұлғалық
қарым-қатынасты айта аларлықтай жақсы қалыптастыруға мүмкіндік береді








