Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың бастапқы деңгейінде айтылымды түзету үдерісі
Аңдатпа
Мақалада шетелдіктерге орыс тілінің фонетикасын үйрету мәселелері қарастырылған. Аталмыш құзырет түрлерінің ерекшеліктерін, сонымен қатар оның тіл жүйесін меңгерудегі
маңыздылығын қарастыру мақала мақсаты болып табылады. Орыс тіліндегі сөйлеу қызметін
меңгеру үдерісіне үлкен әсер ететін шетелдіктердің акустикалық және перцептивтік
фонетикасының өзіндік ерекшеліктері байқалады. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың бастапқы
деңгейінде шетелдік аудиториямен жұмыс істеудің тәжірибесі жиынтықталады. Оңтүстік-Шығыс
Азия халықтары өкілдерінің орыс тілі фонетикасының жүйесін меңгеруі мен қабылдауындағы
қиыншылықтарға ерекше көңіл бөлінеді. Орыс тіліндегі о дауысты дыбысының қысаңдануы,
сонымен қоса дауыссыз дыбыстардың көмекші сөздермен тіркескенде қатаңдануы сынды
өзіндік ерекшеліктерге талдау жасалынды. Шетелдіктердің орыс тілі фонетикасын меңгеруге
бағытталған әртүрлі жүйедегі жаттығулар жасату қажеттілігі айқындалып дәлелденді. Аталмыш
жаттығулар дыбыстарды айту, дауыс ырғағы, сонымен бірге өзгеретін екпін түрлерімен де жұмыс
жасау сынды мәселелерді де қамту керек. Мақала авторлары тіл үйренушілерден жоғарыда
айтылған дағдылар тіл оқытудың қарапайым деңгейінде талап етілуі керек деп есептейді. Тілдегі
дыбыстар мен ережелерді тіл үйренушілерге ұдайы меңгертіп, жетілдіріп отыру қажет.








