Ағылшын тіліндегі жалқы есімдері бар фразеологизмдер (этимологиясы және пайдалану контекстері)

Авторлар

  • Orazbekova I.G. Muldagalyieva A.A Okusheva G.T әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын тілінінің фразеологиялық бірліктері құрылымында кездесетін жалқы
есімдердің (антропонимдер, топонимдер, мифонимдер) атқаратын рөлі қарастырылған. Жалқы есімдері
бар фразеологиялар семантикасында ұлттық-мәдени коннотативті компоненттер өте маңызды болып
табылады және айқын көрінеді. Фразеологиялық бірліктерді оқыту студенттердің лингвистикалық
және қосымша тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Фразеологиялық бірліктердің мағыналарын
оқыту барысында фразеологияның пайда болуы мен маңыздылығын анықтай отырып, тарихи-мәдени
ерекшеліктеріне назар аудару керек, сонымен қатар студенттерге күнделікті қолданыстағы контекст
мысалдарын көрсету керек. Біздің зерттеуімізде қолданылған идиомдар Британ Ұлттық Корпусының
және ReversoContext онлайн аудармашы бағдарламасының мәтіндері негізінде құрастырылған.

Жарияланды

2018-12-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі