ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдеби байланыстары
Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өзге ел әдебиетімен әдеби-шығармашылық тұрғыдан байланысының арғы арналарын салыстырмалы түрде қарастыру арқау болған. Өзара байланыстан өркендеген әдеби байланыстың Ресей империясының отаршылдық саясатының басқыншылық әрекетіне қарсылық ретінде ресей мұсылмандары мен жалпы түркі халықтарының саяси күрес жолындағы идеялық бірлігі негізіндегі қарым-қатынастарының дамуына сәйкес әдеби байланыстардың өркен жайғандығы орнықты түрде нақтыланады. Ресейдегі және басқа да түркі тектес халықтар әдебиетіндегі басты шығармашылық тұлғалардың шығармашылығындағы өзара ықпалдастақтың арта түсуі, өзге жұрт, шығыс-батыс әдебиетінің озық үлгідегі немесе халыққа аса бір кең танылған шығармаларын аудару арқылы үйрену, тәжірибе алмасу, шеберлік қалыптастыру мәселелерінің шешілуі сынды әдеби байланыстың бірнеше алғы шарттардың шығармашылық негіздері ашылған. ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі діни-ағартушы, ағартушы-демократтық, ұлт-азатшыл бағыт атты үш бағыт өкілдерінің өзге әдебиеттегі идеялас шығармашылық тұлғалармен әдеби байланыстарының сан алуан түрлері сарапталған.








