Билингв жазушылар шығармаларындағы көркем дискурс
Аңдатпа
Мақалада негізгі дискурс, көркем дискурс ұғымдары қарастырылады. Біздің пікірімізше, дискурсты белгілі бір ғылым немесе өнер кеңістігінде сол саладағы басқа қатысушылармен (белсенді немесе белсенді емес) вербалды әрекет жасайтын тілдік тұлғаның идеологиялық тұрғыдан қалыптасқан сөйлеу әрекеті, сонымен қатар коммуникативті және экстралингвистикалық сипаттамасын ескере отырып осы әрекеттің нәтижесі болып табылатын мәтін немесе оның жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұдан келіп шығатыны, коммуникативті және экстралингвистикалық сипаттамаларын ескере отырып қарастырылатын кез келген мәтін дискурс, яғни дискурс өнімі болып табылады деуге болады немесе сөздің тар мағынасында дискурс ретінде қарастырылады. Осы себептен тікелей қарым-қатынасқа түспейтін, бірақ мағынасын ашуды талап ететін ежелгі мәтіндер дискурсты болып табылмайды. Көркем әдебиет дискурсты осы терминнің тар мағынасында жеке автордың қабылдауы арқылы автордың интенциясына сәйкес өзгеретін, яғни концептуалданатын, шынайы өмірмен жанама түрде бейнеленетін өмірде болатын жасанды деп анықтауға болады.








