Түркі тілдеріндегі зоонимдерді зерттеу мәселелері
Аңдатпа
Мақалада түркі зоонимиясының өзекті мәселелері жалпытүркілік деңгейде кешенді тұрғыдан айқындалады. Түркі тілдеріндегі зоонимдердің этимологиялық негіздерінің бірі ретінде еліктеуіш мәнді сөздер қарастырылады. Түркі тілдеріндегі имитатив түбірлерден жасалған зоонимдердің құрылымдық және семантикалық даму ерекшеліктері монғол тілдерінің деректерімен салыстырмалы тұрғыдан талданады.








