Көркем мәтінді мағынасы жағынан құрастырудың оқиғалық аспектідегі кеңдігі

Авторлар

  • Lee V.S. . . Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтіннің онтологиясы мен эпистемологиясына қатысты мәселелер, оның лингвистикалық негізі қарастырылған. Осындай негіздің белгісі – кезкелген әдеби туындыны филологиялық зерделеудің міндетті (алғашқы реттік) кезеңі болып табылады. Тек содан кейін ғана мәтіннің басқа кеңістіктегі, көптеген әлеуметтік-психологиялық және тарихи-мәдениеттік контекстерін туғызатын тақырыптық-мағыналық жағын ескеруге болады. Осындай контекстерді зерттеуде мәтінді мағыналық жағынан құрастырудың категориясын, соның ішінде мазмұн мен ойға сай нақты қолдануды талап етеді. Мәтінді тақырыптық құрылымдық-мағыналық жағынан құрастырудың лингвистикалық категориясы ретінде сөйлемді семантикалық талдаған кезде қолданылатын пропозитивтік ұғымды айтуға болады. Пропозитивтік деген сөйлем мен мәтін, толығымен алғанда, табиғи болмысы, әлемдегі жағдаяттар, оқиғалар туралы хабарлайтынын түсінеміз, және де оны мазмұнның дискреттік бірлігінде, оқиғаның тілдік-логикалық корреляті ретіндегі пропозиция байқалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-10