Ашықтас күлбізік жазуы – ең кейін жазылған жазба ескерткіш
Аңдатпа
Мақалада көне түркі Талас жазба ескерткіштерінің бірі Ашықтас жазуының оқылуындағы жаңа ерекшеліктер сөз болады. Онда оқушыларға түсінікті болу үшін алдымен ең алғашқы зерттеулерінен мысалдар келтіріледі. Мысалы, жазуда кездесетін таңбалардың он төрті көне түркі күлбізік жазба ескерткішіне тән екенін, ескерткіштің негізгі мағынасы солар арқылы ашылатынын баса көрсетеді. Көне түркі күлбізік жазба ескерткіштерінде кездеспеген белгісіз таңбалардың мағыналары нақты тұжырымдалады. Нақты айтқанда езулік буынды дыбыстарға ерекше таңба, ал еріндік буынды әріп-таңбаларға тағы басқа арнайы графемалық белгілер арналғаны айғақты негізде дәлелденеді. Ғалымдар арасында Ашықтас жазба ескерткіші туралы әр түрлі кереғар пікірлер бар. Мақалада сондай пікірлердің негізсіз екеніне айғақты дәлелдер келтіріледі. Солардың бірі жазбаның ХІІ-ХІІІ ғасырларда, яғни, ең кейін жазылғанын білдіретін айғақтар болып табылады. Зерттеуде Ашықтас жазба ескерткіші көне түркі жазба ескерткіштерімен дыбыстық-таңбалық, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан салыстырылады, қолданылған таңбалардың кестесі ұсынылады.








