Сөйлеу актілері сот-лингвистикалық сараптаманың зерттеу нысаны ретінде

Авторлар

  • Tausogarova A.K., Mussaly L.Zh. Daribaev . Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Тұлға сөзі иллокутивті сөйлеу актісі ретінде өз серіктесінің көзқарасына, іс-әрекетіне ықпал етуді көздейді. Сөйлеу стратегиясының (мақсат, ішкі ниет, жоспар) жүзеге асырылуында тура және жанама ықпал ету актілері, түрлі тілдік тактикалар мен тілдік манипуляция маңызды орын алады. Бұл орайда мәжбүрлеу, кеңес-нұсқау беру, ақыл айту, қорқыту, қайсыбір қылмысты іске арандату тұрғысынан ықпал етуге құрылған сөйлеу актілері сотлингвистиканың зерттеу нысанына айналады. Мақалада қылмысты іске арандату белгілерін қамтитын сөйлеу актілерінің заңгерлік аспектілері қарастырылады. Сот-лингвистикалық сараптама тәжірибесінде орын алған коммуникативтік жағдаят үдерісіндегі сөйлеу актілеріне прагматикалық сипаттау әдісі көмегімен талдау жасау үлгісі көрсетіледі.

Жарияланды

2018-12-13