М. Лермонтовтың «Желкен» өлеңі А. Құнанбаев тәржімасында: саймасайлық мәселесі
Аңдатпа
Мақалада А. Құнанбаев тәржімасындағы М. Лермонтовтың «Желкен» өлеңі талданады. Түпнұсқа мәтін мен тәржіма мәтіннің құрылымдық-мазмұндық тұрғыдан салыстырылып, саймасайлық мәселесіне баса назар аударылады. Поэтикалық мәтін аудармасы көркем тәржіма тәжірибесінде қашан да ерекше қызығушылық тудыратын мәселе болып отыр және зерттеушілердің арасында, тәржімашылардың да арасында түрлі талас тудырады. Мақалада тәржіманың осы түріне қатысты түрлі көзқарастар қарастырылып, поэзиялық мәтін аудармасының ерекшелігі мен қиындықтары сөз болады. Автор қазақ және орыс поэзиясының классиктері М. Лермонтов пен А. Құнанбаевтың өлеңдерінің мысалында поэзия мәтінінің тәржімалану ерекшелігін қарастырады. Нақтырақ айтқанда, «Желкен» өлеңіндегі идеялық-көркемдік құралдардың қазақ тіліне аударылуын аударма теориясы тұрғысынан зерттейді, саймасайлық деңгейлерін анықтауға талпынады. Түпнұсқа мәтін мен тәржіма мәтіннің құрылымдық-мазмұндық тұрғыдан салыстырып, тәржімаға жоғары баға береді. Тәржіманың түпнұсқаға сәйкес шыққандығын дәлелдейді.








