Қазіргі лингвистикадағы персуазивтілік ұғымы

Авторлар

  • Nutpayeva T.G., Tumanova A.B. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазіргі лингвистикадағы персуазивтілік ұғымы
Мақала қазіргі лингвистикадағы персуазивтілік категориясын зерделеуге арналған. Мақала аталған мәселе бойынша ғылыми еңбектерден қысқаша шолуға негізделген. Мақаланың мақсаты – «персуазивтілік» ұғымының мағынасын ашу және орыс тілінде, атап айтқанда, көркем мәтіндерде оның қалай көрінетінін талдау. Мақалада персуазивтілік ұғымы әрбір екінші сөйлемде орын алатын семантиканың басты бөлігі ретінде анықталады. Ойды жеткізуші өзінің нақтылығын/дерексізділігін көрсету үшін белгілі бір тілдік қолданыстарды осы персуазивтілікпен көрсетеді. Авторлар персуазивтілік – сөйлеушіні сенімділік дәрежесін көрсететін субъектті (модусты) категория деген анықтамаға сүйенеді. Сонымен қатар, сөйлеуде/сөйлемде персуазивтердің болуы оның қарым-қатынастағы қызметін көрсетеді дейді. Мақаладағы негізгі қағидаларды растау үшін Ф.Достоевскийдің, А. Жақсылықовтың көркем шығармаларынан үзінділер алынып, мысалдар келтірілді.

Жарияланды

2018-12-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі