Шетелдіктерге орыс тілін үйрету: бейвербалды амалдардың рөлі
Аңдатпа
Шетелдіктерге орыс тілін үйрету: бейвербалды амалдардың рөлі
Мақалада шетелдік студенттерге орыс тілін үйрету дәрістерінде бейвербалды амалдарды қолдану проблемасы қарастырылады. Ауызша қарым-қатынаста, ақпаратпен алмасу барысында бейвербалды амалдардың маңыздылығы көбінесе назардан тыс қалып отырады. Алайда, бейвербалды амалдардың қандай да болсын қарым- қатынаста алатын орны ауқымды. Орыс халқының этикеті мен мәдениетін білу, бейвербалды іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін білу орыс тілін толық меңгеру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Мақалада орыс тілін үйрету сабақтарында «әлеуметтік рөлдерді ойнау», микросценалар көрсету және тілдік қарым-қатынас үдерісінде ым-ишараттарды қолдану жолдары мен әдістері қарастырылады. Ерекше көңіл болашақ мамандардың лингвоелтану құзыретін қалыптастыруда ым-ишарат құралдарының белсенді минимумын меңгеру маңыздылығына бөлінді. Мақалада тілді толық меңгеру үшін бевербалды коммуникация құралдарын есепке алу қажет екендігі дәлелденді.








