Силлабус әзірлеушілердің нанымдары арасындағы пайда болуы мүмкін қайшылықтар
Аңдатпа
Автор танымал силлабус құрастырушылардың еңбектеріне жасаған өзінің екінші деңгейлі зерттеуінен алынған деректерді, сондай-ақ өзінің оқытушылық тәжірибесінен алынған кейбір мәліметтерді қорыта келе, мәдениетпен байланысты силлабустарды жасау кезіндегі пайда болуы мүмкін дилеммалар мен қиындықтарды шешу бойынша әлдебір жаңа ойларын ұсынады. Демек, бұл мақалада оқытушылардың әлеуметтік мәдени нанымдары мен құндылықтарының маңыздылығы және олардың курс бағдарламасын жасауға қалай әсер ететіні қарастырылады. Әлемдік жоғары білім беру саласында мұғалімдер мен оқушылар арасында, сондай-ақ, өзара мұғалімдер арасында әртүрлі мәдени құндылықтардың бар екені байқалады. Бір кәсіптегі мұғалімдердің көзқарасында, тіпті бірдей тәжірибелі және бірдей жастағы оқытушылардың нанымдары арасындағы айырмашылықтардың неліктен болатындығын анықтауға тырысқан. Осы мақала аталмыш қайшылықтардың қандай түрлері болатынын, неге болатынын және оларды қалай жеңуге болатынын қарастырады. Мақаланың басты көңіл бөліп отырғаны, ол – білім беру саласындағы, ең алдымен, мәдениетті зерттеп оқыту бағдарламасын, силлабусын әзірлеп дайындаушы ретіндегі тәжірибелі мұғалімдер арасындағы құндылықтар мен нанымдардың айырмашылықтары.








