Сайт дискурсы компаниялардың ғаламтор кеңістігінде өздерін позициялау құралы ретінде
Аңдатпа
Мақалада ғылыми нәтижелердің тұжырымдануының дискурстық стратегиясы және маркетингтік әсер етуі, сайттың ұстанымы қарастырылады. Әсер етудің дискурстық стратегиялары қайшы емес ментальды модель түзе отырып, реципиенттерге әсер ететін, олардың бағалауын өзгерте отырып, әлеуметтік тәжірибе саласында қарым-қатынас құрайтын дискурстық мәндік жүйелерінің қалыптасу субстратегияларымен жүзеге асады. Анықталған және сипатталған субстратегиялар: оқиғалық тұжырымдамалау және сценарийлік репрезентациялар, номинациялар, мақсатқа сүйену, сайт дискурсындағы бағалар, мәліметтерді басқару және т.б.








