Этностереотипті газет мақалаларының контент-талдауы («Егемен Қазақстан» және «Қазақия» газеттері материалдары негізінде)
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы жалпыұлттық республикалық газет «Егемен Қазақстан» және саяси-қоғамдық тәуелсіз газет «Қазақия» материалдарындағы этникалық стреотиптерге контент-талдау жасалады. Этностереотиптердің сандық көрсеткіштеріне сапалық талдау жасау барысында «Егемен Қазақстан» және «Қазақия» газеттері жарияланымдарында көрініс берген этностереотиптердің көпұлтты мемлекеттегі ұлттардың этникалық сәйкестілігінің сақталуына, этниканы топтастыруға, этниканың ортаға бейімделуіне, бастысы, қоғамда этникааралық үйлесімді қарым-қатынастың орнығуына оң ықпал ететіні анықталды.








