Әңгіме оқуға негізделген сабақта экологиялық білімге ынталандыру әдістері

Авторлар

  • Muldagalyieva A.A. Okusheva G.T Orazbekova I.G. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан,

Аңдатпа

Мақалада шетел тілін оқытуда экологиялық білім берудің тиімді әдістері қарастырылады. Экологиялық тақырыптарды тіл үйрету үдерісіне енгізу тілдік құзыреттілікті дамыту үшін және экологиялық білім беру үшін өте пайдалы. Ұсынылып отырған әдістеме студенттердің сыни ойлау қабылетін және шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада қоршаған ортаға қатысты шығармашылық мәтіндерді, соның ішінде ағылшын тілінде жазылған әңгіме оқу әдісін қолдану арқылы студенттерге экологиялық білім беруге көңіл бөлінеді. Ағылшын тіліндегі әңгімелер студенттердің оқығандары туралы сыни ойлау, әртүрлі пікірлерді талқылау дағдыларын дамытуына, олардың өздерінің әлеуметтік позицияларын түсінуіне және жауапты азаматтар болуына көмегін тигізеді. Сонымен қатар, әңгімелер оқу әдістемесі, ауызша сөйлеудің, аударма және сөздік қорын жетілдірудің қуатты көзі болып табылады.

Жарияланды

2018-12-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі