Қазіргі азербайжан поэзиясындағы үйлену тойы дәстүрі

Авторлар

  • Mammadov N.M. . Әзірбайжанның Ұлттық ғылым академиясы, г. Баку, Әзірбайжан

Аңдатпа

Азербайжан халқының ежелгі дәстүрлері арасында үйлену тойы
ерекше орын алады. Үйлену тойы – екі жастың арасындағы неке
келісімі негізінде отбасын құруға бағытталған ізгі ниеттің салтанаты
болып есептеледі. Үйлену салтанатының әр түрлі қырлары халық
шығармашылығының үлгілерінде тамаша бейнеленген. Қазіргі
заманғы үйлену салтанаты шеңберінің ұлғаюы жазба әдебиетке де
ықпалын тигізіп отыр. Ақындар өздерінің шығармашылығында үйлену
салтанатының жоғарыда аталған салт-дәстүрге толы кезеңдерінің
барлығын құнарлы тілмен суреттейді. Бұл өлеңдердің көпшілігі
қалыңдық пен күйеуді мадақтауға арналған. Қалыңдықты әкесінің
үйінен өзге үйге апару, ажырасу тақсыреті, аналардың жылап
сықтауы, ата-аналардың қуанышы – барлығы ақын өлеңдерінде өз
орнын тапқан. Мақалада ауыз әдебиетіндегі үйлену тойы дәстүрлері
үлгілерімен қатар қазіргі Азербайжан ақындары өлеңдерінің үлгілері
де келтірілген.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-17