Ономастика ғылымының тауарлық таңбалармен байланысты қазіргі мәселелері

Авторлар

  • Madieva G.B, Tausogarova A.K, Tayeva R.M әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында академиялық пәндер қатарынан орын алатын ономастика
саласының қазіргі мәселелерін оқыту және зерттеу ерекшеліктері қарастырылады. Ол, өз кезегінде,
кез келген тілдің ономастикалық кеңістігін құрайтын жалқы есімдермен байланысты ауқымды
мәселелерді қарастырады. Ономастиканың даму барысын танытатын жаңа үрдістер жалқы
есімдердің бұрын зерттеу нысанына айналмаған категорияларының ғалымдар назарын өзіне бұра
отырып, осы сала зерттейтін мәселелер аясын кеңейткенін көрсетеді. Бұл пайда табуға бағытталған
және түрлі өнімдер мен тауарлардың, мекемелер мен кәсіпорындардың тілдік таңбалануы
тұрғысынан анықталатын коммерциялық атауларға тікелей қатысты. Мұнымен бірге коммерциялық
атаулардың лингвистикалық сараптамасымен байланысты мәселелер ерекше өзектілікке ие болып
отыр. Нарықтық бәсеке жағдайында тауарлық таңбалардың тілдік (сөз) белгілері дыбыстық
жағынан және жазылуы бойынша өзара ұқсас немесе жақын болып шығуы тұтынушылардың
оларды шатастыруына алып келуі мүмкін. Мақалада өзара ұқсас тауарлық таңбалардың бірдейлік
немесе айырмашылық деңгейлерін анықтауда лингвистика саласында қолданылатын әдістер
қарастырылады. Лингвистикалық сараптама әдіснамасы Қазақстанда өндірілетін сусындарды
таңбалауда пайдаланылатын АССУ (кирилл әліпбиі) және A’SU (латын әліпбиі) вербалды тауарлық
таңбаларын салыстыру барысындағы нақты мысалды келтіре отырып баяндалған.

Жарияланды

2019-05-04

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі