Орыс және қазақ паремияларында отбасылық құндылықтарды вербализациялаудың ерекшелігі
DOI:
10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph17Аңдатпа
Мақала отбасылық құндылықтарды орыс және қазақ паремияларында вербализациялаудың ерекшеліктеріне арналады. Семантикалық талдаулардың нәтижесінде жалпы сипаттамалар мен ұлттық-мәдени айырмашылықтар анықталады. Орыс және қазақ мақал-мәтелдерінде отбасы – халықтың рухани мәдениетінің маңызды бөлігі екендігі келесі лексикалық-семантикалық топтар «Неке мен отбасы құндылығы; неке қатынастарының қасиеттілігі», «Әйел – отбасылық ошақты сақтаушы», «Ата-аналарға құрмет» және т.б. арқылы анықталады. Бұл топтар автордың пікірі бойынша қазақтың және орыстың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қамтиды. Ерекшеліктер «Шежіре білу», «Үлкен шаңырақ» топтарында кездеседі, олар қазақ паремиялардың талдауы негізінде ғана ерекшеленеді. Сонымен қатар айырмашылықтар ұлттық-мәдени символдық мәні бар қазақ және орыс лексемдері, мысалы, шанырақ, изба, двор, бесік, ақжаулық, домострой, жеті ата, аруақ және т.б. лексемдері деңгейінде ерекшеленеді.








