Г. Бельгердің «Тұйық су» романындағы үй образының функциялары
DOI:
10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph9Аңдатпа
Бұл мақалада Г. Бельгердің «Тұйық су» романындағы үй образы зерттелген, бұл маңызды
архетиптік образдың түрлі көркемдік қызметтері ашылған. Мақалада бұл образдың эстетикалық
мағынасы көрсетілген. Біріншіден, үй образы жазушыға кейіпкер бейнесін толыққанды және
шынайы суреттеуге, оның рухани әлемінің нәзіктігін ашуға, ұлттық салт-дәстүрмен байланысын,
ішкі өмірінің түпсаналы қырларын, мысалы немістер үшін әлемнің ұлттық менталдық
бейнесінің заттай ерекшеліктеріндегі үй образының негізгі рөлін көрсетуге көмектеседі. Үйдің
сапалылығы, тұрмыстық, атқарымдық жайғастырылымы, толық және жан-жақты тұрмысқа
арналған қолайлылық, үйдегі, ауладағы тазалық пен реттілік, белгілі жайлылық та – бұлар
немістердің материалдық-тұрмыстық мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан стереотип,
тұрмыстың жеткілікті және сенімділігі түпсаналы қамтамасыз ететінін психологиялық сезіну. Бұл
стереотиппен жазушы өз үйіне деген қатынасын кейіпкері Эдмунд Ворм арқылы сипаттайды.
Оның өмірдің әртүрлі жағдайындағы ішкі күйін – эмиграция, көп жылдан кейін Қазақстанға
келуі, қайта құру кезеңіндегі ауылдағы қараусыз қалған үйлердің жағдайына әсерін көрсетеді.
Жазушыға жан-жақты сипаттама және басқа кейіпкерлер, мысалы кәрі қазақ Жаймырзаның ішкі
әлемі ерекшеліктерінің, «жоғалған» балаларын іздеу мақсатында қалаға барған сапары кезінде
«үлкен» өмірдің және оны танып-білуінің ашылуы үшін де үй образы өте маңызды. Мақаланың
мақсаты – Г. Бельгердің «Тұйық су» романындағы үй образының рөлін және басқа да заттық
образдарды анықтау. Зерттеу тапсырмалары: кейіпкер айналасындағы заттық образдарды
айқындау және сараптау; олардың қызметтерін табу; «Тұйық су» романындағы үй образының
мағынасын анықтау.








