Бата сөздерінің жанрлық табиғаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph13Аңдатпа
Мақалада магиялық фольклордың бір түрі – бата жанрының шығу тегі мен даму жолдары,
табиғаты мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Батаның шығу түп-төркіні тереңде
жатыр. Өйткені адамдар сөздің магиясы, құдіретті күші бар деп есептеген. Сол арқылы байлыққа
да, бақытқа да тіпті материалдық игіліктерге де жетуге болады деп есептеген. Және керісінше,
ұрлық жасап, озбырлық істеген адамдарды сөз арқылы жазалауға болады деп білген. Тіпті, әлсіз,
науқас адамды да магиялық күші бар сөз бен әуеннің көмегімен (Бақсы сарыны) емдегені белгілі.
Өйткені ол тұстағы адамдардың әлем туралы таным-түсінігі төмен болғандықтан, сырқаттарын,
басқа да көптеген проблемаларын өлең сөз арқылы шешуге болатынына сенімді болған. Осы
негізде бата жанры туған. Бата оң және теріс деп екі түрге бөлінеді. Оң бата – жай ғана ақ
тілек емес, мұнда сөз жақсылық пен жасампаздыққа бағытталған, теріс бата – кері бата, қарғыс
түрінде айтылатын болған. Кеңестік кезеңде бата жанры зерттелмеген, қағаберіс қалған жанрдың
бірі еді. Сондықтан авторлар осы мәселені жан-жақты қарастырып зерттеген. Батаның адам
өмірінде атқарған функциясын ашып, құрылымдық ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталған. Тіпті
айта берсек, ғасырлар тереңінен келе жатқан бата жанры күні бүгінгі өмір тіршілігінің ажырамас
бөлігі болып табылады. Себебі ізгі тілек, ақниет барлық уақытта адамгершіліктің бір бөлшегі
ретінде саналады.
