Мәтінді көркемдеуші тәсілдер: жыраулар тіліндегі метафоралардың түрлері мен қызметі

Авторлар

  • B. K. Momynova A.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8963-7689

DOI:

10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph3

Аңдатпа

Қазіргі тіл білімінде метафораны зерттеудің шегарасы кеңіді, соған орай тілдегі осы құбылыс туралы түсінік өзгеріп, күрделене түсуде. Соңғы кездерде метафораны әлемді танудың, қоршаған ортаны түсінудің құралы ретінде қарастырып, осы тұрғыдан зерттеу қолға алына бастады. Ойды бейнелі, көркем жеткізу қазақтар үшін аса маңызды болған. Мұны жыраулық әдебиет өкілдерінің мұраларын оқи бастағаннан-ақ ұғынуға болады. Метафора қазақ өмірінде ертеден-ақ әлемді танудың құралы болғанын қазақ әдеби тілінің тарихын, әдеби тілді танытушы белгілі тұлғалар мұраларын шолу жасай оқып, оларды талдап, мысалдарды іріктеу, теру арқылы көз жеткізуге болады. Сондықтан мақалада қазақ әдеби тілінің ерте кезеңіндегі авторлар мұраларынан метафора құрайтын белсенді сөздер мен сөз тіркестері теріліп алынды, мәтіндегі метафоралық қолданыстары мен қызметі айқындалды, метафора жеткізетін мағыналық өзгерістері көрсетілді, метафора құраудағы актив сөздердің орны анықталды. Сонымен қатар әр жырауға тән метафоралардың құрылымы талданды, олардың лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері көрсетілді. Осылайша қазақ әдеби тілінің жыраулық кезеңіндегі метафоралардың түрлері мен типтері айқындалды, кейбір жыраулар жырларындағы діни сөздердің метафора жасаудағы қызметі көрсетілді. Мысалдар контекст құрамында берілді, себебі метафоралардың мәні, мағынасы көбінесе контекст арқылы ашылатыны ескерілді. Мақалада жырауларға тән метафоралардың тілдік белгілері, типтері, құрамы қалыптасқан ой-пікірлер, көзқарастар негізінде анықталды, яғни лингвистикалық ортада белгілі ғылыми еңбектерге сілтеме жасалды. 

Түйін сөздер: концептуалды құбылыс, тілдік метафора, индивидуалды метафора, метафора-жұмбақ, метафора-теңеу.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары