Жоғары оқу орындардағы спорттық медиа дискурсының зерттеуінің маңыздылығы

Авторлар

  • Zh. M. Anuarbekova Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-3686-0171
  • R. M. Tayeva Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-1803-0403

Аңдатпа

Бұл мақала спорттық дискурс сияқты өте кең ұғымды зерттеудің маңыздылығына арналған. Бүгінгі таңда спорт қоғамдық өмірдің бір саласы болып табылады, онымен танысу негізінен медиа-кеңістік арқылы жүзеге асырылады. Спорттық қызмет күн сайын дамып келеді, онымен бірге медиа саласы да дамып келеді. Спорттық шаралар ел мен халықтың мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады, спортты да мәдениеттер арасындағы байланыс факторы деп санауға болады. Бұл мақаланың мақсаты – жоғары оқу орнында оқитын студенттердің оқу саласында және күнделікті өмірде спорттық дискурсты қолдану жиілігін анықтау. Спорттық дискурсты қолдануды жүзеге асыруда қарым-қатынас, атап айтқанда сөйлеу маңызды рөл атқарады. Зерттеу объектілері спорттық дискурс және спорттық медиа дискурс болып табылады. Ғылыми жұмыс барысында сауалнама нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізілді, онда университет деңгейінде спорттық дискурсты қолдану бойынша статистикалық мәліметтер көрсетілді. Зерттеу нәтижелері спорт блогтары, спорт жаңалықтары, арналары және спорттық іс-шаралар комментаторларының шет тілінде сөйлеуі туралы контекстік түсінікті дамыту үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, мақаланың нәтижелерін спорттық дискурсты зерттеуге арналған оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқауларға қолдануға болады.

   Түйінді сөздер: спорттық дискурс, медиа дискурс, мәдениаралық байланыс, дискурс анализі, спорттық тіл ұғымы.

Жарияланды

2023-07-01

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары