Шетелдік анимациялық мультфильм тілінің стилистикалық ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph19

Аңдатпа

Бұл мақалада шетелдік анимациялық фильмдердің қазақ тілінде сапалы дыбысталу мәселесі және дыбыстамадағы стилистикалық ерекшеліктер қарастырылады. Мақала қалың бұқара бірдей назар аудармайтын халықтың арнаулы бөлігіне, яғни балалар мен жасөспірімдерге ғана арналатын анимациялық фильмдердің қазіргі көрінісіне, аударма кезінде жіберілетін стилистикалық қателер мен ұтымды тұстарына, кемшіліктерге  назар аударту, тілдік қолданыстың функционалдық қызметін тиісті деңгейде жүзеге асырудың жолдарын қарастыру мақсатын көздейді. Сонымен қатар мақалада дубляж саласының ерекшелігі, қазақша дубляждалған мультфильмдердің сапалы тілдік қолданысына баға беріледі. Көрермендердің жас ерекшелігіне байланысты аударма тілінің қолданылуы, көрермен аудиториясына әсері сөз болады. Мақалада қазақ тілінде дубляждалған Disney студиясымен шығарылған «Ральф интернетке қарсы» (2018),  «Мұзды өлке 2» (2019),   «Pixar» кинокомпаниясының «Лука» (2021) анимациялық мультфильміндегі стильдік ерекшеліктер талданып, эмоционалды-экспрессивті реңктің аударма барысында тиімді қолданысы көрсетіледі. Мақалада тілдік бірліктердің сюжетке сәйкес, мағыналық, прагматикалық өзгеріске ұшырап, уәжді, уәжсіз ауытқу формалары, стереотип, диалект пен сленг сөздердің қолданыс табуы қарастырылған. Кейіпкер тілінде кездесетін тіркестер мысал ретінде түпнұсқа - ағылшын тілінде, орыс тілінде, қазақ тілінде үш түрлі нұсқада берілді. Кейіпкер тілінің ұлттық танымдық және лингвомәдени лексикасы талданып,  прагмастилистикалық ерекшеліктері сараланады. Мақаладағы басты теориялық база ретінде стилистика, аударматану, диалектология, өнертану ғылымдарының алдыңғы қатардағы зерттеулері, Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңы басшылыққа алынады.

Тірек сөздер: кинематография, дубляж, аударма ісі, стилистика,  стереотип, диалект, таным, лингвомәдениет.

Автор өмірбаяндары

  • F. Orazbayeva, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан

    Ф.Ш. Оразбаева - доктор педагогических наук, профессор, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая (Алматы, Казахстан email: f_orazbayeva@mail.ru)

  • M. Imankulova, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан

    М.А. Иманқұлова - PhD, старший преподаватель, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая (Алматы, Казахстан email: mika_iman@mail.ru)

  • K. Balabekova, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан

    Қ.Ш. Балабекова - PhD, старший преподаватель, Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая (Алматы, Казахстан, email: katira670323@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-19

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары