Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh2011202626

Аңдатпа

 Мақалада авторлар шешен сөздің түрлерін қазіргі білім беру үдерісінде оқытудың тиімділігін қарастырып, жас ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпалын теориялық тұрғыдан негіздейді. Зерттеуде риториканы оқыту, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру және жас ерекшелік психологиясы бағытындағы тұжырымдар сабақ мазмұнын құрастыру мен тапсырмалар жүйесін таңдаудың әдіснамалық тірегі ретінде алынады. Шығармашылық ойлауды дамытудың тетіктері (ойлау икемділігі, дәлелдеу мәдениеті, интерпретация, тілдік тұлғаның өзіндік «үнін» қалыптастыру) сипатталып, аталған дағдылардың жетілуіне ықпал ететін практикалық жаттығулар жүйесі ұсынылады.

Шешен сөздің түрлеріне қатысты сабақтың теориялық бөлігі А. Байтұрсынұлы мен М. Ахетов еңбектеріндегі риторика мен сөз мәдениетіне қатысты қағидаларға сүйенеді. Практикалық бөлімде риторикалық мәтіндерді талдау, байымдама (эссе) жазу, шешен сөз құрастыруға машықтану, мақал-мәтелге қатысты жеке көзқарасты дәлелді түрде баяндау сияқты тапсырмалар қамтылған. Авторлар ұсынылған тапсырмалар білім алушылардың аналитикалық және сыни ойлауымен қатар, шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай жасайтынын, сондай-ақ пікір айту мәдениеті, жауапкершілік, коммуникативтік әдеп, ұлттық-танымдық бағдар сияқты құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін уәждейді.

Іс-әрекетті зерттеу (action research) әдіснамасына сәйкес жалпы білім беретін мектеп жағдайында жүргізілген эксперименттің нәтижелері диаграммалар мен кестелер арқылы беріледі. Зерттеу деректері сабақтардың оқушылар бойында қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпалын көрсетіп, әдістемелік ұсыныстардың қолданбалылығын негіздейді. Мақала қорытындысында шешен сөзді оқытудың мазмұнын жас ерекшелік деңгейіне сай саралау, тапсырмаларды күрделендірудің сатылы үлгісі және нәтижені бағалау көрсеткіштері бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, бұл тәсілдің оқу үдерісіне енгізілу мүмкіндігі айқындалады.

Түйін сөздер: шешендік өнер, шешен сөздің түрлері, мақалдар, жеткіншек, сыни ойлау, шығармашылық ойлау, шығармашылық.

Автор өмірбаяндары

  • А. Мыңбаева, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

    Мынбаева Ақбілек Пазылханқызы (корреспондент-автор) – PhD, доцент м.а., О. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: akbilek.mynbayeva@gmail.com);

  • Ғ. Ибрагимов, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

    Ибрагимов Ғанишер Ғұлямұлы – PhD докторант, О. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: iggd7@mail.ru).

  • Ж. Абдуллаева, «Ташенев» университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

    Абдуллаева Жазира Дайрабаевна – PhD, «Ташенев» университеті, (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: akbilek.mynbayeva@gmail.com);

  • А. Нуржанова, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Астана қ.

    Нуржанова Асия Саргалиевна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ (Қазақстан, Астана қ., e-mail: nursar_66@mail.ru ).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары